Жағалау аймақтарын дамыту мен инвестициялық тартымдылық
17 февраля 2026
Астана
Туризмді жағалау аймақтарында дамыту кезінде экологиялық талаптарға сәйкес шектеулер ескеріліп отыр. Бұл инфрақұрылымдық нысандар мен ойын-сауық кешендеріне, соның ішінде аквапарктерге де қатысты. Су ресурстары министрлігі халықаралық тәжірибелерді талдап, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп жатыр. Мақсат – аумақтарды тиімді пайдалану арқылы инвестициялық тартымдылықты арттыру және табиғатты сақтау. Мұндай тәсіл экономикалық дамуды экологиялық тұрақтылықпен үйлестіреді.