ВАКР нәтижелерін жария талқылау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізудің Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдары бойынша бекітілген кестесіне сәйкес, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) өз қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін мынадай бағыттар бойынша жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр:
1. Серіктестік қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Барлық мүдделі тұлғаларды ағымдағы жылдың 27 шілдесінде сағат 15:00-де өтетін жария талқылауға қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: Астана қаласы, А. Мамбетов көшесі, 24, 2-қабат, конференц-зал.
Қосымша сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда, +7-701-107-1424 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Басқа жаңалықтар
Alem.ai
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫ
Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 13 шілдесі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.