+7 (7172) 577-765
+7 777 212 53 45
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС

«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС

«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарына берілгендігін көрсететін корпоративтік мәдениетті дамытуға және қолдауға ерекше назар аударады.

Серіктестіктің оң имиджін сақтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа, кемсітушілікке, этикаға жатпайтын мінез-құлыққа және Қазақстан Республикасының заңнамасының өзге де бұзылуларына қарсы әрекет ету жүйелерінің бақылауын және жұмыс істеуін жүзеге асыратын Комплаенс қызметі құрылды.

Комплаенс офицері – «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» ЖШС

Буканов Нурбек Маратович

Буканов Нурбек Маратович

Лауазымы

Комплаенс офицері – «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» ЖШС

Жалпы ақпарат және білім

Буканов Н. 1991 жылы дүниеге келген, Қазақ гуманитарлық-құқық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Құқық магистрі. Комплаенс мәселелері бойынша Халықаралық қауымдастық (ICA) мүшесі.

Еңбек тәжірибесі

Буканов Н. 2014 жылы Астана қаласы ІІД-нің тергеу бөлімінде тергеуші қызметінен бастады. Кейінірек Астана қаласының прокуратурасы мен ҚР ІІМ оперативтік бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2025 жылғы қыркүйектен бастап «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» ЖШС-де комплаенс офицері қызметіне тағайындалды.

Сіз Серіктестіктің Комплаенс қызметінің Шұғыл желісіне келесі арқылы өтініш беруге құқылысыз:

Комплаенс қызметі ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс туралы ережесіне сәйкес Серіктестіктің тәуелсіз басқару органына ұйымдық және функционалдық есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.

Комплаенс қызметі тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізеді - сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қатысты төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесі.