+7 777 212 53 45
+7 777 212 53 45
Компания туралы

Компания туралы

«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі*

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 502-2709 қаулысына сәйкес, елорданың туристік қызметін дамыту, қала брендин ілгерілету және туристік дестинация шеңберіндегі жобаларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған.

Серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) нысанында құрылып, жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ы жалғыз қатысушы — «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.

«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы — Астана қаласының әкімдігі, ал басқару жөніндегі уәкілетті органы — Қазақстан Республикасының заңнамасына және Серіктестіктің жарғысына сәйкес айқындалған өкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады (жарғылық капиталдың 100%).

Серіктестік елорданың туристік саласын дамыту, іскерлік және мәдени туризмді ілгерілету, инвестициялар тарту және серіктестік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ туризм саласына инновациялық шешімдерді енгізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындалған.

«Astana Tourism» ЖШС-нің миссиясы — Астана қаласының туристік әлеуетін және брендін дамытуға ынталандыру.

Көзқарасы — елорданың туристік бастамалары мен жобаларын дамытудағы жетекші институт болу.

Миссиясын іске асыру шеңберінде Серіктестіктің стратегиялық қызмет бағыттары мыналар болып табылады:

  • елордадағы туристік жобалар мен іс-шараларды қолдау және ілгерілету;
  • туристік салада инвестициялар тарту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Астана қаласының туристік дестинация ретіндегі брендін дамыту;
  • туризм және мәдени іс-шаралар саласында инновациялық шешімдерді енгізу;
  • кәсіпкерлермен және ұйымдармен серіктестік бағдарламаларды ұйымдастыру және сүйемелдеу.

Әкімжан Халел Рахымұлы

Басқарма басшысы Өтініш жазу

Корпоративтік басқару

Квашук Артём Дмитриевич

Квашук Артём Дмитриевич

Басқарма Төрағасы
Кусаинов Саят Кылмиденович

Кусаинов Саят Кылмиденович

Басқарма Төрағасының орынбасары
Әбжан Көгершін Сағидоллақызы

Әбжан Көгершін Сағидоллақызы

Басқарма Төрағасының орынбасары
Ибраев Олжас Пазылбекович

Ибраев Олжас Пазылбекович

Басқарма Төрағасының орынбасары

Ұйымдық құрылым

Барлығы
HR
Заң бөлімі
Қаржы бөлімі
Маркетинг

Қызметкерлер туралы деректер жоқ

Жарғының негізгі ережелері

Серіктестіктің мақсаттары мен міндеттері

  • Компания қызметінің негізгі бағыттарын анықтау.
  • Туризм саласындағы стратегиялық мақсаттар, туристік инфрақұрылымды дамыту және ұлттық туристік өнімдерді ілгерілету.
  • Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру, жаңа серіктестер мен инвестицияларды тарту.

Этика және жауапкершілік

  • Корпоративтік этикаға, тұрақты даму саласындағы стандарттарды сақтауға және әлеуметтік жауапкершілікке қатысты маңызды ережелер.
  • Бизнестегі адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың сипаттамасы, сондай-ақ компанияның беделін жоғары деңгейде сақтау міндеттері.

Жарғы

Жарғының толық мәтінін PDF форматында жүктеп алуға немесе онлайн танысуға болады. Біз ағымдағы ережелер мен өзгерістерді көрсететін құжаттың өзекті нұсқасына қолжетімділікті қамтамасыз етеміз.

Жарғыны PDF форматында жүктеп алу

Серіктестер

Qazaq Gourmet
Razzak Residence Clinic
ОИПиЮЛ «Ассоциация Кофе Казахстана»
ТОО «Бюро по Туризму Алматы»
ТОО «Business Event & Rent»
ОЮЛ «Ассоциация застройщиков Казахстана»
АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
РГКП «Национальный музей Республики Казахстан»
ТОО «Luxury Service Kazakhstan»
Корпоративный Фонд "UMC"
ОЮЛ «Евразийская ассоциация развития инклюзивного общества»
ТОО «Издательство «Фолиант»
Astana Concert
Good Project
Кафе Коктем
Общественный фонд «Казахстанское объединение немцев «Возрождение»
Международный онкологический центр томотерапии «ҮМІТ»
QAZEXPO Congress
Qazaq Concert
СРО «Национальное объединение предприятий легкой промышленности «Qaz Textile Industry»
ОО «Ассоциация библиотек высших учебных заведений»
AULA Ресторан казахской национальной и восточной кухни
Больница Медицинского Центра Управления делами Президента РК

Біздің байланыстарымыз

Мекенжай 010000, Астана қаласы, Мәмбетов к-сі, 24
Телефон +7 7172 577 765