Alem.ai
alem.ai – елдің AI-экожүйесін дамытуға арналған негізгі инфрақұрылымдық алаң ретінде құрылған жасанды интеллекттің халықаралық орталығы. Орталық білім беру, ғылым, стартаптар, мемлекеттік бастамалар мен халықаралық технологиялық компанияларды бір кеңістікте біріктіреді. Орталық Астана қаласындағы EXPO іскерлік кешенінің аумағында орналасқан және Орталық Азиядағы жетекші білім беру және зерттеу хабы болып табылады.
Орталықтың миссиясы – жасанды интеллект технологияларын енгізу және дамыту арқылы Қазақстанның цифрлық трансформациясын жеделдету. Кешеннің жалпы ауданы шамамен 20 000 м² құрайды. Оның сәулеттік тұжырымдамасы AI-ды насихаттаудан бастап, оны мемлекеттік деңгейде енгізуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын тік экожүйе қағидаты бойынша құрылған.
Бірінші қабат кең аудитория үшін жасанды интеллект әлемімен таныстыру қызметін атқарады.
Оның негізгі аймағы – қоғамға жасанды интеллекттің (AI) тарихы, негізгі қағидаттары мен ықпалын таныстыратын интерактивті кеңістік – Singularity Museum (Сингулярлық музейі). Экспозиция білім беру және ойын-сауық форматтарын (edutainment) ұштастыра отырып, күрделі технологияларды барлық жастағы келушілер үшін түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынады.
Сингулярлық музейдің (Singularity Museum) негізгі тұжырымдамасы жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған. Экспозициялар AI-дың білім беру, бизнес, мемлекеттік басқару және адамның күнделікті өміріне ықпалын көрсетеді.
Музей келушілерге болашақ технологияларымен танысудың заманауи интерактивті форматын ұсынады.
Экспозицияда мыналар ұсынылған:
- интерактивті және иммерсивті AI-инсталляциялар;
- жасанды интеллекттің даму тарихына арналған экспозиция;
- робототехника аймағы;
- инновациялық стартаптар мен технологиялық жобалар алаңы;
- келушілерге жасанды интеллектпен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін интерактивті жүйелер;
- AI Cinema – жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған бейнероликтер көрсетілетін мультимедиялық кеңістік.
Нысанның бірегей ерекшеліктері:
- ai – Орталық Азиядағы алғашқы ірі халықаралық жасанды интеллект орталығы;
- музей контенті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1, B1 блогы, alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы.
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – техникалық күн.
Сейсенбі-жексенбі: 10:00-19:00.
Кіру құны:
- бірыңғай кіру билеті — 2 500 теңге;
- 7 жасқа дейінгі балаларға – тегін;
- экскурсиялық қызмет алдын ала өтінім бойынша ұсынылады.
Ақпараттық ресурстар:
Ресми сайт: https://alem.ai/kz/
Instagram: https://www.instagram.com/alem.ai_/
Басқа жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫ
Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 13 шілдесі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.
Астанада «Rakuten» компаниясымен халықаралық спорт жобалары талқыланды