+7 (7172) 577-765
+7 747 593 1451
WFTGA курсына гидтерді қабылдау

WFTGA курсына гидтерді қабылдау

12 октября 2026 Астана

«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері қауымдастықтары федерациясының (WFTGA – World Federation of Tourist Guide Associations) халықаралық әдістемесі бойынша ұлттық тренерлерді даярлау курсына қатысу үшін Астана қаласының гидтері мен экскурсия жетекшілерінен өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.

Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері қауымдастықтары федерациясының (WFTGA – World Federation of Tourist Guide Associations) халықаралық әдістемесі бойынша ұлттық тренерлерді даярлау курсына қатысуға үміткерлерді іріктеу талаптары мен критерийлері.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер төмендегі критерийлер мен талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. Жоғары білімінің болуы (диплом көшірмесі);
  2. Гид/экскурсия жетекшісі сертификатының болуы (сертификат көшірмесі);
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі;
  4. Тілдік даярлығы: ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес деңгейде (Upper-Intermediate) меңгеруі (бар болған жағдайда сертификаты);
  5. Гид/экскурсия жетекшісі ретінде кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (WFTGA талаптарына сәйкес);
  6. Мынадай құжаттарды қамтитын портфолиосының болуы: байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, әлеуметтік желілер), гид/экскурсия жетекшісі сертификаты, ұсыным хаттар (бар болған жағдайда), жұмыс тәжірибесін растайтын материалдар (делегацияларға қызмет көрсету және оны фотосуреттермен растау, қалалық іс-шараларға қатысу, атқарылған жұмыстардың жазбаша сипаттамасы);
  7. 2026 жылдың 26 қазанынан 8 қарашасына дейін күн сайын сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін курсқа қатысу мүмкіндігінің болуы. Бір демалыс
    күні – 2 қараша;
  8. Астана қаласында ұлттық тренер ретінде тұрақты ұзақ мерзімді негізде белсенді оқытушылық және практикалық қызмет атқаруға ниеті мен мүмкіндігінің болуы (қала гидтері мен экскурсия жетекшілеріне арналған оқыту курстарын, шеберлік сабақтарын өткізу және аттестаттау жұмыстарын жүргізу).

Курстың өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 26 қазан – 8 қараша;

Өткізу форматы мен орны: офлайн формат / Астана қаласы;

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 16 қазанға дейін.

 

Өтінім нысаны:

Жүктеу

Өтінім электрондық пошта мекенжайына жіберіледі: info@astanatourism.kz

Басқа жаңалықтар