+7 (7172) 577-765
+7 777 212 53 45
Астанада гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің II елордалық форумы өтеді

Астанада гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің II елордалық форумы өтеді

17 февраля 2026 Астана

2026 жылғы 19 ақпанда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Дүниежүзілік гидтер күніне орай гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің II елордалық форумының салтанатты ашылуы өтеді.

Форум туристік саладағы 120-дан астам өкілді, мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды біріктіреді. Қатысушылар экскурсиялық қызметті дамыту, туристік сервис сапасын арттыру және ішкі туризмді ынталандырудың жаңа тетіктерін талқылайды.

Бағдарлама пленарлық отырыс пен тақырыптық панельдік сессияларды қамтиды. Музейлік секция аясында Professional Walk & Talk форматында Президенттік орталық базасында экскурсияларды әзірлеу және өткізу бойынша заманауи әдістемелік тәсілдер таныстырылады.

Іс-шара Астана қаласының әкімдігі, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС және Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының бірлесуімен ұйымдастырылады.

Мекенжайы: Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 1А

Басқа жаңалықтар