+7 (7172) 577-765
+7 777 212 53 45
Астанада «Rakuten» компаниясымен халықаралық спорт жобалары талқыланды

Астанада «Rakuten» компаниясымен халықаралық спорт жобалары талқыланды

27 февраля 2026 Астана

25 ақпан күні Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов әлемдік деңгейдегі қаржы, спорт, электрондық коммерция және телекоммуникация салаларындағы ірі брендтердің бірі – «Rakuten» компаниясының бизнес дамыту жөніндегі жетекшісі Джозеф Лимен келіссөздер өткізді.

Қазақстан тарапынан кездесуге «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Air Astana әуе компаниясы, Қазақстанның футбол федерациясы және «Astana Tourism» ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында тараптар Real Madrid пен Barcelona командаларының аңыз ойыншылары арасында кездесу ұйымдастыру мәселелерін талқылап, «Rakuten» компаниясының презентациясымен танысты.

Қазақстан тарапы жобаны іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге, оның ішінде ұйымдастырушылық және үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етуге дайын екендігін білдірді.

Басқа жаңалықтар