+7 (7172) 577-765
+7 777 212 53 45
Компания туралы

Компания туралы

«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі*

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 502-2709 қаулысына сәйкес елорданың туристік қызметін дамыту, қала брендін ілгерілету және туристік дестинация шеңберіндегі жобаларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған.

Серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) нысанында құрылды, жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ы жалғыз қатысушы — «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.

«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы — Астана қаласының әкімдігі, ал басқару жөніндегі уәкілетті орган — Қазақстан Республикасының заңнамасына және Серіктестіктің жарғысына сәйкес айқындалған өкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады (жарғылық капиталдың 100%-ы).

Серіктестік елорданың туристік саласын дамыту, іскерлік және мәдени туризмді ілгерілету, инвестициялар тарту және серіктестік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ туризм саласына инновациялық шешімдерді енгізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

«Astana Tourism» ЖШС-нің миссиясы — Астана қаласының туристік әлеуеті мен брендін дамытуға жәрдемдесу.

Көзқарасы — елорданың туристік бастамалары мен жобаларын дамытудағы жетекші институтқа айналу.

Миссияны іске асыру шеңберінде Серіктестіктің стратегиялық қызмет бағыттары мыналар болып табылады:

– елордадағы туристік жобалар мен іс-шараларды қолдау және ілгерілету;

– туристік салаға инвестициялар тарту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

– Астана қаласының туристік дестинация ретіндегі брендін дамыту;

– туризм және мәдени іс-шаралар саласына инновациялық шешімдерді енгізу;

– кәсіпкерлермен және ұйымдармен серіктестік бағдарламаларды ұйымдастыру және сүйемелдеу.

Әкімжан Халел Рахымұлы

Басқарма басшысы Өтініш жазу

Корпоративтік басқару

Квашук Артём Дмитриевич

Квашук Артём Дмитриевич

Басқарма Төрағасы
Кусаинов Саят Кылмиденович

Кусаинов Саят Кылмиденович

Басқарма Төрағасының орынбасары
Әбжан Көгершін Сағидоллақызы

Әбжан Көгершін Сағидоллақызы

Басқарма Төрағасының орынбасары
Ибраев Олжас Пазылбекович

Ибраев Олжас Пазылбекович

Басқарма Төрағасының орынбасары

Ұйымдық құрылым

Барлығы
HR
Заң бөлімі
Қаржы бөлімі
Маркетинг

Қызметкерлер туралы деректер жоқ

Жарғының негізгі ережелері

Серіктестіктің мақсаттары мен міндеттері

  • Компания қызметінің негізгі бағыттары айқындалады.
  • Туризм саласындағы стратегиялық мақсаттар, туристік инфрақұрылымды дамыту және ұлттық туристік өнімдерді ілгерілету басым бағыттар болып табылады.
  • Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру, жаңа серіктестер мен инвестициялар тарту көзделеді.

Этика және жауапкершілік

  • Корпоративтік этикаға, тұрақты даму саласындағы стандарттарды сақтауға және әлеуметтік жауапкершілікке қатысты маңызды ережелер.
  • Бизнестегі адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың сипаттамасы, сондай-ақ компанияның беделін жоғары деңгейде сақтау міндеттері.

Жарғы

Жарғының толық мәтінін PDF форматында жүктеп алуға немесе онлайн режимде танысуға болады. Біз қолданыстағы ережелер мен өзгерістерді қамтитын құжаттың өзекті нұсқасына қолжетімділікті қамтамасыз етеміз.

Жарғыны PDF форматында жүктеп алу

Серіктестер

Qazaq Gourmet
Razzak Residence Clinic
ОИПиЮЛ «Ассоциация Кофе Казахстана»
ТОО «Бюро по Туризму Алматы»
АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
РГКП «Национальный музей Республики Казахстан»
Корпоративный Фонд "UMC"
Astana Concert
Кафе Коктем
Международный онкологический центр томотерапии «ҮМІТ»
QAZEXPO Congress
Qazaq Concert
СРО «Национальное объединение предприятий легкой промышленности «Qaz Textile Industry»
AULA Ресторан казахской национальной и восточной кухни
Больница Медицинского Центра Управления делами Президента РК

Байланыс ақпараты

Мекенжай 010000, Астана қаласы, Мәмбетов к-сі, 24
Телефон +7 7172 577 765